Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.07.2022
105
САТЫ АТАН
Пай-пай, күннің ыстығы-ай!
Жер-дүниені өрт қылып.
Қос шекеңді қысуы-ай,
Көздің майын кептіріп!
Айдалада сары атан,
Ұйықтап тұр түрегеп,
Баяғыда нəр татқан –
Езуінде тікенек.
Селт етпейді дыбысқа –
Дүние шуын нағылсын.
Секілді бір түп нұсқа,
Дейтін, сирек табылсын.
Ол мүлгіген философ, –
Ойы кеткен тереңге.
Тұр миына ми қосып,
Ұқсағанмен кереңге.
Көн терісі күн иіскеп,
Көңірсиді шудасы.
«Солай болу тиіс» – деп,
Көнбіс тартқан бір басы.
Ескі құдық есінде,
Баяғыда су ішкен.
Байпаң басып, есінеп,
Есендескен туыспен.
Соның бəрі естелік,
Жаңа күнмен жарысқан.
Енді оянып, кеш көріп,
Маңқияды алыстан.
«Күндіз-түні безектеп,
Шаңға көміп бетімді.
Осыларға не жоқ?» – деп,
Ренжіген секілді...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter