Өлеңдер ✍️

  09.07.2022
  106


Автор: Ғафу Қайырбеков

Алтын жамбы жүк артып...

Алтын жамбы жүк артып,
Ақ жұлдыздай ағасың.
Жақсы досты жоғалтып,
Жалғыз көшіп барасың.
Өмір деген сол жайлау,
Тозбай тұрса жақсы ғой.
Мың тұяқты күнде айдау,
Бір өріске тапшы ғой.
Қысқа күнге батырсың,
Ұзын ерлік сұрама!
«Қанағат – деген ақылшым,
Қайдасың? – деп жылама!»
Жылағанмен келмейді,
Оған да қайтар жол керек.
Қай заманда бол мейлі,
Дүниенің салты дөңгелек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу