Өлеңдер ✍️

  09.07.2022
  116


Автор: Ғафу Қайырбеков

Адамда болады бір сүйкімділік...

Адамда болады бір сүйкімділік,
Тұрсаң да бір күн көріп,
бір күн біліп.
Секілді баяғыдан танысыңдай
Кетесің төс түйісіп, еркін жүріп.
Ал мұнда көп мəніс бар ойлағанға,
Пенденің бəрі бірдей жолы аманда –
Дегенмен күн бəріне бірдей ортақ –
Күн көзі көбірек түскен сол адамға.
Бір сəтке таңданамыз осыны ұқпай,
Оны ұғу құдіретке қарсылықтай.
Жарқылын жаның сезіп, көзің көрмес –
Ондай жан күннен қалған бір сынықтай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу