Өлеңдер ✍️

  09.07.2022
  190


Автор: Ғафу Қайырбеков

Бір түптен шыққан өсіп қос ақ қайың...

Бір түптен шыққан өсіп қос ақ қайың,
Бір шаңырақ, бір от басы – қосақтайын.
Табиғат ақылдысың неткен мұнша,
Біз, əттең, сені ұғуға болсақ дайын!
Бəрі де өзіңе ұқсас тіршіліктің,
Майысқан қағу көріп бір шыбықтың.
Үстіне бар орман боп еңкейесің,
Соныңды тебіренеді түсініп кім?!
Туыстық, бауырмалдық, жұптық, көптік,
Аталық, ағайындық, ұлттық, тектік –
Бəрін де ұзақ айтып қала бердің,
Біз оны шыға салып ұмытып кеттік.
Қашанда ойдан сені босатпайын,
Тегін ал, үлгі, сабақ, жол сатпайын!» –
Дегендей көз алдымнан кетер емес,
Сонау бір құшақтасқан қос ақ қайың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу