Өлеңдер ✍️

  09.07.2022
  188


Автор: Ғафу Қайырбеков

МƏҢГІЛІКТІҢ КҮНІ

Мұңды жұлдыз, мəңгіліктің күні сен,
Көз жасындай неткен мөлдір тыныш ең,
Өткен дəурен қызығындай алыссың,
Өткен дəурен еске салдың мұңын сен!
Дəл осылай өмірдің не түнінен
Өткен дəурен сəулесі ойнап тірілген.
Ол сəуледен енді бізге жылу жоқ,
Ол сəуледен көңіл суып, түңілген.
Өткен күнім – жұлдызымсың, жұптайсың,
Мен қайтейін, қасіретімді ұқпайсың.
Көрінесің, көрінгенмен – алыссың,
Жарықсың-ау, жанымды, əттең, жылытпайсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу