Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.07.2022
179
ШІРКІН-АЙ, ҚИЫЛДЫ ҒОЙ ҚЫРШЫН КҮНІҢ
I
Шіркін-ай, қиылды ғой қыршын күнің!
Тас мола тақыр табыт тылсымдығын
Ақ денең ауырсынбай жатты-ау еркін.
Сен дағы гүл-райхан тұрсың бүгін,
Осынау өлмес өмір сырын шертіп,
Мүлгиді кипарис те гүлін желпіп.
II
Ал анау көкшіл өзен жарын кезіп,
Ауыр мұң, шер-шемені жанын езіп,
Келетін біреу ылғи бар осында,
Өлі мен тірінің боп арасында,
Тырысар білдірмеуге дыбыс-үнін,
Бейіттің бұзатындай тыныштығын.
III
Сабыр ет! Төге берме көздің жасын,
Білмейді керең ажал сөз бағасын.
Жыламай бірақ көңіл толастай ма,
Қайғының ауыр бұлтын сол ашпай ма?
Ау, жаным, жұбатасың берікті айтып,
Сенің де тұр ғой жасың келіп-қайтып!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter