Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.06.2022
108
СЕРІЛЕР ОРТАСЫНДА
Келген соң ортасына Серілердің,
Əн мен күйді тыңдаудан зерігер кім?!.
Қазыбек би, Естай,
Қасым ауылында,
Мен де өз биігімнен көрінермін!
Қайдасың, Аманжол мен Серік ақын,
Байлаңдар, Жыр – аққудың,
Келіп атын!
Қайдасың,
Қарқараның Ақсұңқары,
Жаныма балаушы едім сені жақын!
Халықтың Қаһарманы Тоқтар інім,
Батырым,
Бұл арада жоқ па бүгін?!
Тыңдауға жиналыпты қалың жұртың,
Ақыным,
Жүрегіңнің шоқта гүлін!
Өз орның, бар ғой шыққан өз биігің,
Əркімдер тастар бүгін көз қиығын...
Қарқараның тауларын жалт қаратып,
Жон даланың –
Жосылдыр,
Жезкиігін!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter