Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.06.2022
116
ҚАСІРЕТТІ ӨЛЕҢНІҢ ҚАСИЕТІМЕН...
Қарсаңында осынау алып тойдың,
Алматы аспанында қалықтайды үн!
Көп үнді көміп кетті,
Жыл – ағыстар,
Абайым!
Биігінде қалып қойдың!
Қалып қойдың биікте мəңгі ойланып,
Қалып қойдың,
Өлең мен əнге айналып!..
Жүз елу жыл арада өтсе дағы,
Шыңдарың бара жатыр, заңғарланып!
Кім білген дəл осындай мықтылықты,
Жанарға қуаныштан –
Шық тұныпты...
Құдіретін өзінің өзге емес,
Өмірлік,
Өлең ғана, ұқтырыпты.
Малынып жатқан шақта дала шыққа,
Мөлтілдеп өлең тұрды қарашықта.
Қасіретті өлеңнің қасиетімен,
Жаңғырығып келесіз,
Жарасып та!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter