Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  214


Автор: Марфуға Айтқожина

АЛАШ АЗАМАТТАРЫ

Ерекше салтанат та, сəнің бүгін,
Жаяды туған елге жаның гүлін.
Алаштың Азаматы деп толғанған,
Ешқашан бəсеңдемес, жалынды үнім!
Жаңғырып тұрған сенің үнің – сенім,
Сендегі ерекше ғой,
Сұлу – сезім!
Алаштың ар-намысын биік ұстап,
Аспанда желбірейді туың сенің!
Жайың бар, Алаш үшін шаршамаған,
Қазаққа көз тігуде барша ғалам!
Қазақтың мəрт жігіті сендей болар,
Арқаға Ғасыр жүгін арқалаған,
Сонымен артып жатыр қанша бағаң!..
Тусаң да қазағымның кең жерінде,
Келесің, жер шарының шеңберінде!
Еліме Əлем жұрты ден қойыпты,
Ұшан-теңіз,
Сіңірген еңбегің де!
Қалпыңды көріп биік қалықтаған,
Қарайды мол сеніммен халық саған!
Көп болса сендей жандар,
Жер бетінде,
Көркейіп, гүлденеді алып далам!
Төгілтіп маңдайымның кермек терін,
Ойымды өлеңменен өрнектедім!
Жазбауға ақын өлең бар ма хақы,
Жүректі тұрған кезде
Тербеп сезім!
Белгілі қаламдастың саған жайы,
Сен елге, елің саған алаңдайды.
Халқыңа қысылғанда,
Қамал болған,
Өзіңсің,
Ер Алаштың
Қабанбайы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу