Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  111


Автор: Марфуға Айтқожина

РЕСПУБЛИКА АЛАҢЫ

Түнек басып даланы,
Демін ішке алады.
Жандар жатыр жаралы,
Ақ қарға қан тамады,
Тəуелсіздік алаңы!..
Түн бүркеді даланы,
Жандар жатыр жаралы...
Тұнжыраған аспанға,
Көзін ашып қарады,
Тəуелсіздік алаңы!..
Аяққа таптап асылды,
Құтырған жендет басынды.
Бұрымдар қарға шашылды,
Көтер, бауырым,
Басыңды!
Сілкіндірген ғасырды,
Көрдің бе жарқыл-жасыңды?!
Елің еркін,
Тəуелсіз,
Көтер, бауырым,
Басыңды!
Тағдырдың жеңдік дауылын,
Өлім деген, ауыр үн...
Той жасап жатыр ауылың,
Басыңды көтер,
Бауырым!
Дүрліктіріп жер бетін,
Табанға салып жендетін –
Көкке бойлап тұр əне,
Сенің батыр келбетің!
Жаныңды жырым тербесін!
Нұрға толып жанарым,
Айнала үнсіз қарадым!
Жастар дауысы жаңғыртты,
Республика алаңын!..
Алатаудан өрлеп күн,
Шашылды жерге өрнек мың!
Тəуелсіздік үндері,
Елімді байтақ,
Тербетсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу