Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  109


Автор: Марфуға Айтқожина

ЕШКІМ ДЕ ЖАНАРЫҢДЫ ЖАСҚАМАСЫН!

Тамылжыды айнала, ауа тұнық,
Теңдесі жоқ арайлы,
Таң атырып!
Жердің жүзін аралап кетті даңқы
Қазақ елі Тəуелсіз, Дара тұрып!
Есіледі самалы еркіндіктің,
Сан ғасырлар бодаулық дертін жұттың.
Туған халқым,
Бəрі де сендер үшін,
Қанат қағып қырандай,
Серпіл, жұртым!
Жадырайды бұлтсыз, аспан ашық,
Көрсін бізден Ұлы істер бастамасын!
Туған халқым,
Қасық қан сендер үшін,
Жанарыңды ешкім де
Жасқамасын!..
Кең далаңда өмір кеш, еркінденіп,
Еркін елдің келбетін –
Келсін көріп!
Батыр Баба жолымен келеміз біз,
Елім саған қашан да,
Сертім берік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу