Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.06.2022
108
АЛЛАНЫҢ НҰРЫ СҮЙІП
Жүректі зарықтырып, талмауратып,
Алдыңнан Ата жолы жалғанды ашық.
Жеті жыл, жеті ғасыр, жеті қасиет,
Ақ жолмен келе жаттың, маң-маң басып!..
Ақ жолмен келе жаттың, маң-маң басып,
Алланың нұры сүйіп маңдайды ашық.
Халқыңның мейір, тілек, махаббаты ол,
Қинаса, сансыз ойлар, таңдарды асып...
Ақ түтек, ақ боранды елетпеген,
Бойдағы қасиетің ерек, дер ем!
Ғасырлар тоғысынан таймай өттің,
Өзіңнен бұрын ешбір, ер өтпеген!..
Көз жұмған сондай ерлік керек дер ем,
Халқың ғой, хан көтеріп, өбектеген.
Ақ жолмен бара жаттың, сенімменен,
«Соңымнан тоған елім, ерет» – деген!
Дұшпан да жайға қалды табалаған,
Бақытын, тек, елімен табады адам.
Отырса, қалың елің,
Сеніп Сізге,
Ер ғана, Ел қадірін бағалаған!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter