Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  93


Автор: Марфуға Айтқожина

ТЕРБЕЙІН, ТƏУЕЛСІЗ КҮН ТАЛБЕСІГІН

Беріспей, батыр Бабам, армандаған,
Арман күн, ел-жұртына жалғанды аман
Қаншама құрбандықпен жеткен күнді,
Əлдиле, байтақ елім, орман – далам!
Əлдиле, тыныштықты, шың-құздарым,
Жарқырап жансын, аспан, жұлдыздарың!
Сусындат мейіріңе, мерейлі күн,
Қазақтың асау қанды ұл-қыздарын!
Қақтырған қанатымды тірегім – ел,
Қиырдан талып жеткен – түлегің ем!..
Жұртымды құшқан осынау, Тəуелсіздік
Жыр болып, жатсын түлеп жүрегімнен!
Жаныңды келсең-дағы жаралап мың,
Қазағым! қашанда сен дара жаттың.
Лүпілін жүрегіңнің шын ұғынған,
Аялап алақанға, алады ақ күн!
Тербетіп дала сырын, сан ғасырым,
Толқыған ұлы өзендер, жалғасымын.
Толғанған күні-түні елі үшін,
Тілегі қабыл болсын, Елбасының!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу