Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.06.2022
103
ТАУЛАРЫМ ЖАТЫР СІЛКІНІП...
Жасарып,
Жайнап, тіршілік,
Жанарға қалды сыр тұнып.
Жаратқан ием, жар болсын,
Тауларым жатыр сілкініп!..
Жыр тұнып жанға,
Нұр тұнып,
Кетіпті дала құлпырып.
Тебіреністен теңселіп,
Тауларым жатыр сілкініп!..
Күз айы,
Көркем, қараша,
Көз тоймас, қанша қараса.
Жұптасып жатыр жанымыз,
Бейне бір егіз балаша!..
Күз айы,
Көркем, қараша,
Жаудырды жапырақ, тамаша!
Өмірдің күзі басталып,
Сырласамыз оңаша!..
Жаныма мұң жанаса,
Кімің бар,
Түсер араша?!.
Жапырақ жырлар құйылды,
Кəдеңе, Тауым жараса!
Ағады бұлақ бұлқынып,
Тіршілікке ұмтылып.
Сынбасын деп, бір шыбық,
Тауларым жатыр сілкініп,
Дүбірге толы тіршілік!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter