Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  121


Автор: Марфуға Айтқожина

ҰМЫТҚАН ЖОҚ...

(Жұмағали Сайынға)
Өшпейді жалынды өлең жарқылдары,
Көп екен, Сізге өмір тартулары.
Өлеңді, өзіңді де ұмытқан жоқ,
Жолыңды қуған ұрпақ,
Артыңдағы...
Осынау Ұлы ғасыр тоғысында,
Жазылған жандар қанша,
Сөзі шыңға!
Еліңді ерлікпенен қорғап едің,
Кешегі, Ұлы Отанның соғысында!..
Оралдың, туған елге жараланып,
Адалдық, ақындықпен дараланып.
Өтіпсіз, қолыңыздан қалам түспей,
Ерлік іс,
Ел есінде қалары анық!
Оранып жүрсеңіз де от-жалынға,
Жан Аға!
Жыр жазудан тоқталдың ба?!.
Ақындар, оқыды өлең тебіреніп,
Осынау мерейлі күн, Тоқсаныңда!
Дарытпай жандарына жамандықты,
Келер-ау, дүниеге талай мықты!
Ақындық, Азаматтық, Ағалықпен,
Үйренсін, Сізден ұрпақ,
Адалдықты!
Төгілген кездер болды көлдей жасым,
Сол кезде болмады ешкім, сіздей жақын.
Көл толқып, дауыл ұйытқып,
Жылдар озар,
Өзіңдей, елін сүйген,
Өлмейді ақын!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу