Өлеңдер ✍️
АЛАТАУ САНАТОРИЙІ
(Д. Қонаевтың рухына)
Жастанып таудың тармағын,
Тыныстап жатыр, Қарғалы.
Қарғалыға осынау,
Жауып қалды, қар қалың!
Жотаға – шыңдар жалғасып,
Арқасы – тау, алды – ашық.
Алатау санаторийі,
Келеді жұрттар, таңды асып.
Қымтанып қарға күмістей,
Керілді шыңжар, бүріспей.
Астамси қарап тұрса да,
Толғанып көптен тұр іштей!..
Келеді жұрттар қаншама,
Демалыс үйі – жансая.
Талайдың қолы жетпей жүр,
Қызығып сырттай, тамсана.
Айнала орман, сая бақ,
Қарсы алар жұртты, аялап.
Жазғы жайлау секілді,
Жан тыныстар аралап.
Өзін еркін ұстайтын,
Оралды көктем, құс қайтып!..
Талайлар жүр жете алмай,
Жоқшылық қолын қысқартып...
Қайтқаны құстың жақсылық,
Гүлдерге тұрар бақ тұнып.
Бұлқынып бұлақ ағады,
Маржандарын лақтырып.
Маңдайынан құйып тер,
Тұрғызған бұны – сүйікті Ер!
Алатауды қоршап тұр,
Биіктен асып, биіктер!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter