Өлеңдер ✍️
ТІЛЕУБЕК ƏН САЛҒАНДА
Алыста Атажұрттың мəнін білген,
Бауырым, өзгеше ғой, жаның мүлдем.
Іленің толқындарын толқытып ең,
Дəнешті қайта оралтып сағым жылмен.
Жатқанда жаңалығын тосып далам,
Арманын ұшырды елім, қосып саған...
Əкелді əн қанаты əуелетіп,
Тыңдады сағынышпен
Ғашық – ғалам!
Алматы құшағы мол, қысылмайсың,
Лүпілін жүрегіңнің түсінді ай-күн.
Қырандар мекені ғой,
Қазақ жері,
Күні кем,
Қырандарын ұшырмайтын!
Жарасып жастығыңа жүректілік,
Жүресің, ұлы өнерге, ізет қылып.
Алматы, Құлжа бүгін тыңдап отыр,
Жұртыңды қуанта бер,
Түлеп биік!
Жүйрікті шабысынан, таңбас өрден,
Қазағым, өнерлісін – хан көтерген.
Абайдың атындағы операда,
Əйтпесе, аспандата,
Əндетер ме ең?!.
Шынығып, ширығады, шыншыл жүрек,
Туған ел аясында жүрсің түлеп.
Алматы аяласа алақанда,
Тəңіртау,
Тілеуіңді тұрсын тілеп!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter