Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.06.2022
382
...ТҰНЫҒЫ ШАЙҚАЛАРДАЙ
Сағынышпен ел жаққа көп қараған,
Біреуі едім, өмірге өкпелі адам.
Өксігімді басайын өзектегі,
Күндерімді ұмытып,
Кек санаған...
Сағынышпен ел жаққа көп карағам,
(Ақындықты берген жоқ текке маған).
Оңашада ой толқып, сырласамын,
Қуанышты күндерге,
Жеткен аман!
Талмай жетіп жүрекке, халқым үнің,
Жыр жазумен өтіпті,
Жарты ғұмыр...
Тебіреністі күнімді құптағандай.
Қол бұлғады қиырдан,
Талқы бүгін!
Қайран Талқы!
Жыр болған биіктігің,
Таң себелеп,
Шығады күліп күнің.
Жаныма да,
Жырыма сыйлапсың сен,
Мөлдіреген Сайрамның тұнықтығын!
Келем айтып, кей кезде айта да алмай,
Борышыңды жүрмін бе,
Қайтара алмай?!.
Даусым қатты шықса да үрейленем,
Сайрамкөлдің тұнығы
Шайқалардай!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter