Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.06.2022
101
МҰНАР КӨШКЕН
Тəңіртау биігінен мұнар көшкен,
Самалы туған жердің тынар ма ескен.
Мұнарыңнан моншақты жыр жамылып,
Балаңды шалғай жүрген шығарма естен!
Тəңіртау биігінен мұнар көшкен,
Таласып тұрушы еді-ау,
Шынар көкпен.
Шыңдағы шайқатылған көк шынарың,
Дауылға шыдамаса,
Сынар деп пе ең?!
Тəңіртау биігінен мұнар көшкен,
Бұл дүние,
Бір қалыпты тұрар деп пе ең?
Мұңменен мұндастырып аруыңды,
Биіктігің –
Басыңды мұнарлы еткен.
Тəңіртау биігінен мұнар көшкен,
Шалқалаған шалғайлық –
Құмарлы еткен.
Кеудемнің кең аспанын тосайыншы,
Құйылып келе жатыр,
Қыран көктен,
Балаңды шалғай кеткен
Шығарма естен!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter