Өлеңдер ✍️

  28.06.2022
  112


Автор: Марфуға Айтқожина

САЙРАМНАН КӨШКЕН САҒЫМДАР

Сайрамнан көшкен сағымдар,
Қанатты құстай қағыңдар!
Қанатыңды қақтырар –
Жанымда менің жалын бар,
Сайрамнан көшкен сағымдар!
Сайрамнан көшкен сағымдар,
Зулайды, жыл – ағындар.
Жете алмай саған жүрген соң,
Жаным – аңсау,
Жаным – зар...
Сайрамнан көшкен сағымдар!
Сайрамнан көшкен сағымдар,
Дертіме дауа табыңдар.
Кетпейін сөніп арманда,
Өмір отын жағыңдар,
Мені іздеп табыңдар,
Сайрамнан көшкен сағымдар!
Жазылмас жанда жарам бар,
Көңілім күнде алаңдар.
Болмайын қалай алаңсыз,
Баурыңда жатқан анам бар,
Мұң жамылған далам бар!
Алаңдар көңілім, алаңдар!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу