Өлеңдер ✍️

  28.06.2022
  213


Автор: Марфуға Айтқожина

КҮЗБЕН СЫРЛАСУ

Бұлт торлап ашық аспанды,
Жаңбырлы күз басталды.
Елемей, дүние-ай, басқаңды,
Жүрегім,
Ойлар жастанды...
Жүрегім ойлар жастанды,
Мұңды екен əні ақшамғы.
Өзгертпей қалпын тəкəппар,
Еңселі таулар, қасқарды!
Торлады сұр бұлт аспанды,
Жаз – жанары жасқанды.
Торлаған бұлттың астында,
Сырлары жатыр,
Астарлы,
Сырлары жатыр астарлы...
Будақ бұлттар,
Бас қосып,
Құяды жаңбыр, қастасып.
Күздің күңгірт күнімен,
Барады көңіл астасып!..
Көңілде кеп қой алаңым,
Айтылмай жатқан бар əнім.
Өмірдің күзі болса екен,
Күзіндей сұлу, даланың!..
Күзіндей сұлу,
Даланың!..
Сұлулық жиған жанарым!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу