Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.06.2022
117
Сансыз ойлар, сапырылды тереңде...
Сансыз ойлар, сапырылды тереңде,
Үміт – күдік,
Жеңілем бе,
Жеңем бе?..
Өлім, өмір арпалысты, арбасты,
Толқын – сезім,
Соғып жатыр кемерге...
Əлсіреген үмітімді жалғадым,
Қуаныштан қайта толды жан жағым.
Көрдім сонда,
Мөлдір қара көзінде,
Құштарлықтың шоғы маздап жанғанын.
Сол бір шоқтың жалынынан жылындым,
Жанның терең түкпірінде бұғынды үн.
Кетпей қойды құлағымнан дауысы,
Шыр айналып,
Шырқыраған құлын күн...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter