27.06.2022
  2866


Автор: Түс жору

Базар: түсте базар көрсеңіз—мешітке жорылады. Кейбір түс жорушылар түсте базарды көруді— дүние-мүлік деп жорыған. Сондықтан үлкен базар көрсе—оның жалпы жағдайы жақсарып, дүниесі көп болады. Ал тағы бір басқа түс жорушылар түсте базарды көруді—қайғыны, қиыншылықты білдіреді деп жорыған. Кітап базарын көрсе—тура жолмен жүріп, тәубе етеді және жамандықпен күресу керектігін білдіреді. Дәрі-дәрмек базарын көрсе— қуаныш. Мата базары—ар-намыс, билік. Қару-жарақ базары—қуанышқа, перзентке жорылады. Жүн сатылатын базар—ризық пен пайда. Балық сатылатын базар—адал табыс, туған-туыстарымен бас қосады. Базарда ештеңе сатылмай бос тұрғанын көрсе— құлшылығындағы кемшілікті, діни әмірлерді орындамай жүргенін білдіреді. Егер базарда барлық нәрсе толып тұрғанын көрсе—түс көрген адамның сенімінің күштілігін, әрбір ісін исламның шарттарына лайық түрде шешетінін, Алланың шынайы құлы екендігін білдіреді. Базарда кедей адамды көріп, оны қасына шақырып, оған қажетті затын сатып алып сыйға тартса—жаны жұмақта болатынына жорылады. Атқа мініп базардан өтсе—мұратына жетеді. Базардың ортасында намаз оқығанын көрсе—үйленген болса, перзентті болады, бойдақ болса—үйленетінін білдіреді. Базарға барып бос қайтқанын көрсе—үміт еткен нәрсесі орындалмайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу