Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  126


Автор: Марфуға Айтқожина

Жүрегі пəктік дейтін гүлін ашып...

Жүрегі пəктік дейтін гүлін ашып,
Жаныма тұнық үні тұр ұнасып.
Ай-Жұлдыз!
Аты қандай əдемі еді,
Бір атына жігіттің жүзі ғашық!
Табиғат берсе-дағы қандай көрік,
Тұрсын деп, жұлдыз бенен –
Айдай болып,
Əкесі ақынжанды болған соң ба,
Қойыпты осындай ат, таңдай келіп.
Айына жарассын деп жұлдыздары,
Қызыға қарасын деп шың-құздары,
Аяулы ақ тілекпен –
Ат қойыпты,
Даусының атында тұр,
Сыңғырлары!..
Жаныма бір көргеннен жақын тартам,
Сəніңе жарасып тұр,
Атың қалқам!
Үніңнің сыңғырында маған таныс,
Аққулы аппақ айдын,
Жатыр шалқар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу