Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.06.2022
217
АКТЕР
Өнерге деген сонша ғашық жаны,
Өмірдің аттап еді, ашық таңын.
Келеді биіктерден көрініп ол,
Ажарын, сахнаның
Ашып сəнін!
Ойлы да өткір көзі, шашып жалын,
Өнерден аямайтын,
Қасық қанын –
Көрнекті актер,
Көрікті Абділманов,
Көрінген сахнадан тасып дəйім!
Көңілі де ерекше, көпке деген,
Сұлу үнмен,
Сұлу жыр төкпелеген!..
Ақын Ілияс,
Ойнады Жамбыл болып,
Кемеңгер,
Ұлы Абайға жеткен өрең!
Абай болып ойнауға жеткен өрең,
Ол сезімін өнерден шектемеген.
Алдында, Елбасының,
Көкбастауда,
Ағылып, Жамбыл болып,
Төккен өлең!..
Санасына, заманы нұрлы ой құйып,
Жанына, жақсылықты,
Жүр ғой жиып.
Атағың болмаса да,
Арнайы алған,
Болат атың,
Бəрінен тұр ғой биік!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter