Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  101


Автор: Марфуға Айтқожина

АЛАМАН БƏЙГЕ

Қосылып бəйгелерге дəл осындай,
Жүйріктің жүруші еді-ау, бағы ашылдай.
Келсе де шаң жұқтырмай шашасына,
Сан себеп оздырмауға табатындай!..
Алысып ауыздығы, тізгінімен,
Бір үміт күтті осынау –
Күз күнінен.
Тойында,
Ұлы Мұхтар, топты жарып,
Қарасын басқалардан үзді мүлдем!
Кезінде келіп тұрған кемеліне,
Бар шығар озып келген себебі де.
Киелі, сөз құдіреті –
Əуезовтың,
Кім білсін, аруағы жебеді ме?!.
Керімсал самал есіп тау жақтан да,
Қырқалар қала берді, аунап шаңға.
Тұлпарлар тұяғының дүбірлері,
Ғажап қой,
Шалғайларға, жалғасқанда!
Қуаныш – қуанышқа жалғасқанда,
Жұлдыздар, жарқырады, таңғы аспанда.
Қанша ма жүйріктердің арасынан,
Сен келдің,
Құстай ұшып,
Самғап сонда!.
Құтылып сан тосқауыл, қақтығыстан,
Жүйріктің жанарынан –
Шаттық ұшқан.
Ақ басты Алатау да дүр сілкініп,
Кең дала, маңдайынан жатты құшқан.
Болған соң ел арманы, тілек басым,
Тоқтатып осы бір сəт жүрек жасын –
Қарады шалғайдағы,
Көк шыңдарға,
Ой – мұхиты,
Мұқаңа тіреп басын!..
Толғанып тұрды сонда сыршыл адам,
Тағдырын жүйріктердің шын сынаған.
Аламан бұл бəйгеден озып келіп,
Бұйырды,
Бұйырмаған, бір сыбағаң!..
Тау – самал, сол күнгідей есіп пе еді,
Күн күркіреп, жатқандай,
Көшіп селі!..
Озып келді бəйгеден,
Ей, жарандар!
Жұрт білетін Айыттың Несіпбегі!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу