Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  108


Автор: Марфуға Айтқожина

ҚИЯҒА ТАРТ!

Қазақтың серті де өнер, дерті де өнер,
Өнердің құдіретімен серпіледі ел.
Қашан да халқымменен бірге жасар,
Сері əуен,
Күмбірлі күй, шертіле бер!
Өнердің ұқтырғандай мəңгілігін,
Жұлдыздар, аспанымда
Жанды бүгін.
Жалғасқан ғасырлардан-ғасырларға,
Сəулетті өнерменен
Сəнді ғұмыр.
Есігін жаңа ғасыр ашқанда аман,
Ақиық Алатаудан аспандаған –
Əн көшіп келе жатты дүркіретіп,
Ақ дауыл,
Ақ бораннан жасқанбаған.
Жаңғыртып жаңа ғасыр əн бастады,
Тыңдаса күндіз күні,
Талмас таңы.
Көсілді күміс көмей əншілер де,
Кешегі Біржан,
Ақан жалғастары!..
Əн көшіп келе жатты күркіреген,
Сылаңдап, сайгүліктер,
Сыршыл ерен.
Сəн кеші, салтанатты əннің кеші,
Қауышты Алматыда жұртыменен.
Бөгеттер, тоса алмады жолдар бұны,
Биікте, саңлақтардың
Самғайды үні.
Думанды мерекеге кетті айналып,
Айтулы «Мəдениетті қолдау жылы».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу