Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.06.2022
127
МҰНАР ТАУ
Тараған бауырыңнан талай сері,
Ұмытар туған балаң қалай сені.
Басыңнан мұнар кетпей тұрған кезде,
Қызығып қашан дағы қараушы едім.
Талатын қарап саған қарашығым,
Өзіңде өтсе деуші ем алаңсыз күн.
Мұнар тау,
Мұңданбашы,
Мұңданбашы,
Бойыңда тұрған жоқ па бар асылың.
Басыңды тұрар сенің мұнар шалып,
Қыран екеш қыран да
Шығар талып.
Сұлулық сиқырына оранасың,
Мойныңа ақша бұлттан тұмар тағып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter