Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.06.2022
294
АРАЛ ҚАЙДА
Жайқалар ма кешегі көл құрағы
Жанар кетіп,
Аралдың сөнді ме əні?!.
Сұлулығын шаң жұтып,
Суалды ғой,
Құм-дауылға орынын көмді дағы...
Бұл да адамның қыспағы,
Қаталдығы,
Қаталдықтан –
Тірліктің батар күні.
Шың басына шүйілген қара бұлттай,
Аралымның арылмай жатар мұңы.
Адамдайын көз жұмған арманменен,
Айдын көшіп,
Қурады орманды өрең.
Арал десе,
Аңырап елің отыр,
Арал десем,
Бір мұңлы арналды өлең.
Айтпай кеткен көп сенің
Ғасырға өкпең,
Жеткізе алмай өкпеңді –
Жасың кепкен.
Қалай шыдар жүрегім,
Қалай шыдар,
Боран боздап басыңда,
Тасыңды өпкен!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter