Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  117


Автор: Марфуға Айтқожина

ҚОШТАСАЙЫҚ

Арамызда жүрсін көп,
Кеткенде көңіл күрсінбек.
Алыстан хабар күтерміз,
Жүрегіміз дүрсілдеп.
Аңсадым,
Күттім демейтін,
Көңілді күндер көбейсін.
Бас қосқанда бəріміз –
Төбені көкке теңейтін.
Қиялмен жанды тербеген,
Жалғассын жолдар,
Бел-белең.
Күндерді мен аңсаймын,
Қауыштырар елменен,
Қырсықтан сақта көлденең!
Біздерді түйдей құрдас қып,
Алыстан тосып тұр жастық.
Қоштасайық,
Сания-ау!
Билесе де қимастық.
Аз күн бірге, сыйластық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу