Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  131


Автор: Марфуға Айтқожина

САМАЛ ШАЙҚАП

Сезімі селт еткендей жыл құсынан,
Алатау!
Жаңа оянды ұйқысынан.
Ақша бұлт –
Үлбіреген шымылдығы,
Жарасып тұрған жоқ па бір тұсынан.
Тау көзі қырағы ғой,
Қалар байқап,
Шыршалар тербеледі самал шайқап.
Тербелген шыршалардың жапырағы,
Тұрғандай айналаға –
Сонарлы ой сап.
Толғанып тұрасың сен ойлы аспаным,
Қараудан ойлы аспанға
Тоймас жаным.
Жетеді күреспей-ақ,
Жығылғаным,
Жетеді жығылмай-ақ,
Қорлатқаным...
Қайтейін,
Ағарды шаш,
Ойлап бəрін!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу