Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  97


Автор: Марфуға Айтқожина

КЕТЕР ЕДІМ АЙНАЛЫП АҚ БҰЛТЫНА

Тұсау болып ойыма,
Қақпан құрып,
Көк аяздай жаныма батқан күдік.
Серпілгендей көңілден бір-ақ күнде,
Таң шапағы қалыпты шатқалда ұйып!
Таң шапағы тұрғанда шатқалда ұйып,
Көрінбейді дөңдерде қашқан киік.
Кетер едім айналып ақ бұлтына,
Жете алмаймын шегіне,
Аспан биік!
Жетер ме екем шегіне,
Аспан биік,
Аспан үнін тыңдағам,
Жастан ұйып.
Күндерге де біз əлі-ақ кенелерміз,
Қуанышын кеудеге жатқан құйып.
Сапар шексем далам бар,
Қоштаған, кең,
Құшақ жайған қайда да дос табам мен.
Ел мен елдің арасы қосылар-ау,
Тау менен тау бастарын қоспағанмен!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу