Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.06.2022
106
Қайда бүгін даланың ару əні...
Қайда бүгін даланың ару əні,
Жасалып жатыр талай қару əлі...
Тірлігіне тірінің кейігендей,
Күңіренеді өлінің аруағы.
Аз болып па даланың күйрегені,
Ұмытқан жоқ ұлдарын сүйген елі.
Алматымда Абай тұр айбынданып,
Қалдырмаңдар,
Деп қасірет күйге мені.
Осы бір сəт біткендей далаға тіл,
Түтіндерге тұншығып қала жатыр.
Жаңа туған ұрпақтың үрейі ұшып,
Ескерткіштер көбейіп бара жатыр!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter