Өлеңдер ✍️

  26.06.2022
  290


Автор: Сергей Есенин

Қош бол, Баку, көре алмаспын мен сені...-

Қош бол, Баку, көре алмаспын мен сені,
Жан үрейлі, жапты қайғы еңсені.
Қарапайым «дос» деген сөз күшін мен –
Жүрегімнің дүрсілінен түсінем.
Қош бол, Баку! Қош түріктің өлкесі!
Қан суынып, қажыды ақын жүйкесі.


Өле-өлгенше бақытыма балаймын,
Каспий толқын, Балаханның Май айын.
Қош бол, Баку! Қош, өлеңдей жайдарым,
Қош бол, досым, құшағыңды жай, кəні!
Көк тұманда алтын гүлдей шайқалып,
Басыңды изеп қала берсең болғаны!
1925




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу