Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.06.2022
221
Есуас жүрек соқпа енді...
Есуас жүрек соқпа енді
Бақыт бізді алдаған.
Ештемесі жоқ пенде
Есіңе ал деп жалбарған,
Есуас жүрек соқпа енді!
Сап-сары салқын сəулесін
Ай себелеп тұр төмен.
Лаланың жібек пердесін
Бетіме мен де бүркенем.
Есуас жүрек соқпа енді!
Кейде бір жансыз баладай
Əп-сəтте күліп, жылаймыз.
Қуаныш, қайғы жағалай
Бəрін де баспен сынаймыз.
Есуас жүрек соқпа енді!
Алуан талай ел көріп,
Іздедік бақыт қалыңнан.
Қалсам да қаусап енді өліп
Сыбағамды іздеп сабылман,
Есуас жүрек соқпа енді!
Кеткен жоқ өмір мүлде алдап,
Жаңа күш бойға жинамақ.
Жүрегім, енді сен аздап
Дізесінде қалқаның,
Жатпайсың ба демалып!
Кеткен жоқ өмір мүлде алдап.
Бəлкім, толқын бұл тағдыр
Тастамас құр бос, бізді жай,
Махаббат сыйлап тағы бір
Сайратар, бəлкім, бұлбұлдай.
Есуас жүрек соқпа енді!
1924 – 1925
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter