Өлеңдер ✍️

  26.06.2022
  248


Автор: Сергей Есенин

«Ақын болу не?» деген бір бар сұрау...

«Ақын болу не?» деген бір бар сұрау,
Шындықты егер болса міндет жасырмау
Өз жаныңнан үңгіп, сарқып, нəр алып,
Өзгелердің жан-жүрегін асырау.
Ақын болу – үлестіру, жолдасым,
Табиғаттың артық берген олжасын.
Бұлбұл сайрар – бұлбұл тозып, мұқамас,
Айтатыны бір-ақ өлең болғасын.
Дауысы ұрлық қолға ұстаған көп құстың,
Байғұс жердің жаңғыртады текке үстін.
Дүниеге керек сенің өз үнің,
Тым болмаса бақа ғұрлы жоқпысың!
Ішімдікті құранға əкеп байлаған
Ол Мұхаммед жаман қулық ойлаған.
Ал бəрібір азап-бейнет шегер де
Ақын шарап сіміруін қоймаған.
Сүйген жарын келген аңсап, арнап тік,
Төсегінде жатса біреу аунатып.
Байғұс ақын ақтан жаны жаралған
Бəтшағарға пышақ салмас ол батып.


Сөйтсе-дағы қанда қайнап қызғаныш
Айтар бір сөз, кетер сосын түзге алыс:
«Азар болса қаңғыбас боп өлермін,
Ол да пəнде маңдайына жазған іс».
1924 – 1925




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу