Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.06.2022
143
Дедің-ау маған – Сағади сабаз...
Дедің-ау маған – Сағади сабаз
Сүюші ед қыздың төсінен ғана.
Сабыр ет, қалқам, сабыр ет сен аз,
Салғаның осы есіме жаңа.
Дедің-ау маған, сірə, заңнан
Құранда жазған айныман, айнам.
Болған соң өзім Рязаннан
Ол сөздің мəнін ұғайын қайдан.
Шырқадың маған: «Ефрат жақта
Гүлдер бар артық періштеден!»
Болса егер менде байлық та, бақ та,
Ол əннің сөзін теріс дер ем.
Ол гүлдер бəрін жояр ма түгел –
Қызығым жалғыз көзіме басқан.
Жалғанда сұлу болмасын біреу
Шаганэ, қалқам, өзіңнен асқан.
Қинама мені əдетпен, заңмен
Заң жоқ қой мен де,
заңға мен олақ.
Ақын боп тудым, ақындық жанмен
Сүйемін сені, білерім сол-ақ!
1924 – 1925
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter