Өлеңдер ✍️

  25.06.2022
  257


Автор: Сергей Есенин

Тəңірі сынамақ боп пенделерін...

Тəңірі сынамақ боп пенделерін,
Ол жайлы білгісі кеп кім не дерін,
Киімін қайыршының киіп алып,
Аралап келе жатты ел көшемін.
Тоғайдың алаңқылау жерінде сəл,
Томардың омырылған түбінде осал,


Малжаңдап қатып қалған қабық шайнап,
Қиқайып қызыл иек отырды шал.
Тəңірі келді жақын, кескіні ызғар:
Ойлады: «Қайыр қылар не түрі бар!»
Деді шал: «Мə, мынаны тісіңе бас,
Қаужаңдап, аз да болса бекініп ал!»
1914




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу