Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.06.2022
177

ТЕҢІЗ ЖАҒАСЫНДА
Арғымақ аттай желпініп,
Арқасы қызған кезі ме?
Тағы да теңіз ентігіп,
шақырып жатыр өзіне.
Басыңды көтер,
жүр жаным,
Сенде көр теңіз тасқынын.
Жарқ етіп көзде бір жалын,
Елестер ме екен жас күнің.
Тірліктің түпсіз күйбеңі,
Көңілге мұндай жел бермес.
Шабандау тартқан бұл көңіл,
Теңізге шықпай тебіренбес.
Оятсын тентек сезімді
Аямай толқын жаққа ұрсын.
Тандырып естен өзімді,
Кеудемді көкке лақтырсын.
Теңіз бен аспан жалғасып,
Артылсын көзім шаңынан.
Содан соң мен бір жармасып,
ұстайын бұлттың жалынан.
Мерт қылар деп те қайғырма,
Алыстап кетсем бұлтпенен,
Есіңді жи да, айырылма,
Айырылма жалғыз нүктеден.
Сол ғана дүлей қауіптен,
Құтқарар мені табанда.
Сүңгірмін қайта ағып кеп,
Мөлтілдеп тұрған жанарға.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇