Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.06.2022
142
КІМ БАР ЕКЕН?!
Кең даладан бір ғажайып сұлулықты көргенде,
Сенен артық мақтанатын кім бар екен, досым-ау?!
Бойың балқып көңілденер ойын-тойға келгенде
Сенен артық шаттанатын кім бар екен, досым-ау?!
Біреу жақсы әңгіме айтып, біреу досын мақтаса,
Біреулерге зәбір жасап, оқты көзбен атпаса,
Таңсәріден тату жанның әзіл-назын тыңдасаң,
Күндей нұрлы көздеріңнен күлкіні бір жимасаң.
Көңіл шалқып жүрсе адамдар жер бетінде осынау,
Сенен артық кім бар екен,кім бар екен, досым-ау?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter