Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.06.2022
127
Көп болды, бозаң белдерім...
Көп болды,
бозаң белдерім,
Өзіңнен ұзап кеткелі.
Арамыз қазір
жер менен
Жұлдыздай сонау көктегі.
Әлі де таңның алдында
Мұнарға жүзіп тұрарсың...
Төкті ғой нөсер жаңбырлар,
Өзгеріп кеткен шығарсың.
Өзгерген жоқпын әлі мен,
Өтсе де талай жел-құйын.
Өзіңде қандай сәби ем,
Сәбимін әлі – сол күйім.
Жерлермен талай достасам,
Белдермен талай қоштасам.
Өзіңе деген гүл-көңіл
Өзгерер емес ешқашан.
Жүздесіп бала күніммен,
Өзіңмен күнде кездесіп,
Белеңнен асып жүгірем,
Бозала таңда боз кешіп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter