Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.06.2022
121
ҚУРАЙ
Әуел баста жаралған бұл дала үшін,
Жалғаны жоқ,
Жырларының бәрі шын.
Айта алады даласының не айтарын,
Қайталайды құс біткеннің дауысын.
Дала жыры –
Жырлайтыны күндегі,
Қуанғаны,
Мұңайғаны, күлгені...
Бір-біріне қосылмайды саздары,
Бір-біріне ұқсамайды үндері.
Біреуіне бұлақ керек,
Нұр керек.
Біреуіне қырат керек,
Құм керек.
Көлге біткен қурай үні бір бөлек,
Шөлге біткен қурай үні бір бөлек.
Дала жыры –
Жырлайтыны әрдайым,
Тал бойыңды балқытады балдай үн.
Қурай үні сездіреді–
Өзінің
Туып-өскен топырағы қандайын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter