Эсселер ✍️
ҰСТАЗ. ҒАЛЫМ. ЗАМАНДАС
Лингвист-ғалым Нұрсұлу Жамалбекқызы Шаймерденова ту- ралы ең алғаш рет студент қызымнан естідім. Еуразия Ұлттық университетінің заң факультетінде оқитын ол өздеріне орыс тілінен сабақ беретін ұстазының сабағы басқа пәндерден оқылатын дәрістерге қарағанда әлдеқайда қызықты өтетінін, тіпті кейде оған басқа факультеттердің студенттері келіп қатысатынын айтқанда елең ете қалғаным есімде. Осы тақылеттес әңгімені кезінде ұстазымыз Зей- нолла Қабдолов айтып еді: «Мұхаңның (Мұхтар Әуезовтың) лекция- сы болатын күні аудиторияға адам сыймай кететін: өзімізде оқитын студенттерді, ізденуші жас ғалымдарды былай қойғанда, КазПИ-дің, политехникалық, зооветинституттың студенттері келіп, ұлы жазушы- ны ұйып тыңдайтын» деген біз үшін ертегідей сәттерді еске алып.
Зейнолла Қабдоловтың әдебиетті ардың ісіне балап, толғана, тамса- на оқитын лекцияларына басқа жоғары оқу орындарының студенттері келіп отыратынын өз көзімізбен көрдік. Кейде бұл сабақтар дәрістен гөрі ойласуға, сырласуға ұқсап кететін. Әркім өз көзқарасын ірікпей айтып, көкейдегі сұрағын жалтақтамай қоя алатын сол дәрістерден жастар қанаттанып, рухтанып тараушы еді. Топ-топ болып, қызу айты- сып бара жатқан жастарға таясаң, ұстаның көрігінен тарағандай ыстық лепті сезер едің. Бұл – беймәлім әлемді тануға құштар, белгісіз нәрсені білуге асық жастық шақтың тынымсыз, қуатты күшінің лебіндей әсер ететін. Ондай күш бар жерде ең қажеттісі – «жанам деген жүрекке от беретін» ұстазыңның болуы ғой. Содан да болар қызымның айтқанына елең ете қалғаным.
«Сонда ол кісі дәрістерінде не айтады?» деп сұрадым қызығып.
«Нұрсұлу Жамалбекқызы «сөз таптары, жалғау, жұрнақ» деп мектеп- те өтіп кеткен ережелерді қайта жаттатқызып отырмайды. Ол пәніне кең тұрғыдан келіп, орыс тілін қазақ халқының тарихымен, өмір сүру салтымен және мәдениетімен тығыз байланыстыра отырып оқытады.
Тіпті біз күнделікті өмірде көріп, біліп жүрген жайлардан тосын, қызықты қорытындылар жасайды. Мысалы, қазақта «ұят-ай!» дегенді бетті шымшу не сөйлеп тұрған адам сұқ саусағымен бетін сызу арқылы білдіруге болады. Ал осыны қазақстандық орыстар түсінеді екен де, мысалы, молдовалық немесе литвалық орыстар түсінбейді екен. Бұл қазақтардың өмір сүру ерекшелігінің біздің жерде тұратын этностарға әсерінен солай болған», деді қызым.
Шындығында қызық екен. Ұстаздың бағдарлама бойынша жүргізетін пәні арқылы және сол пәнге байланыстыра отырып, ұлтымыздың салты мен дәстүрі, тілі мен мәдениеті туралы танымдық мәні бар жайларды сыналай енгізіп, мағлұмат беру әдісі ұнады. «Жақсыны білмек үшін» деген оймен студенттер көңілінен шыққан оқытушы Шаймерденова Нұрсұлу туралы мәліметтер іздестіріп, оның филология ғылымдарының докторы, Еуразия Ұлттық университетіне келгенге дейін жиырма үш жыл бойы әл-Фараби атындағы Ұлттық университетте ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор дәрежелерінде қызмет етіп, ондағы докторлық диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, университет Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы, фи- лология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшесі болғанын білдім. Тынымсыздығы, ізденімпаздығы болар, сол кезде ЕҰУ-дағы ұстаздықты қоғамдық негізде Қазақстан-Ресей университеті жанындағы Геосаяси және халықаралық қатынастар институты жаңа тәуелсіз мемлекеттерді зерт- теу орталығының жетекшілігімен ұштастырып жүр екен.
Шіркін, осындай ұстаздар көп болса ғой деп ойлағанмын сонда. Оның ғылыми ізденістерінің тарихи лексикологиядан басталып, этнолингви- стика, славистика, тілдік байланыстар, тіл теориясының мәселелері, са- лыстырмалы лингвистика, орыс тілінің тарихи лексикологиясы сияқты ауқымды тақырыптарды қамтитыны ғалымның терең де жан-жақты білімін танытса керек. Өзі зерттеген тақырыптар бойынша 3 моногра- фиясы жарық көріп, 4 сөздікті құрастыруға қатысыпты. Қазақстанда және шет елдерде жарияланған жүзден астам ғылыми мақаланың, қазақ, ұйғыр, өзбек тілінде білім берілетін мектептерге, студенттерге, магистранттарға арналған орыс тілі оқу құралдарының авторы.
Бірде қолыма оның этнография мен лингвистика ғылымдарының түйісетін жерінен туындаған, этностар мен тілдер арасындағы өзара байланысты зерттейтін ғылыми пән – этнолингвистика туралы дәрістерінің конспектісі тиіп, қазақ халқының этнос ретіндегі та-
рихын, ұлттық тілдің өз ішіндегі процестер мен этносаралық байла- ныстар туралы теориялар мен тұжырымдарды қамтитын, этностық қауымдастықтардың қалыптасуындағы тілдің рөлі туралы қызықты мәліметтерді оқи отырып, «жақын танысып, дәрісін барып тыңдар ма еді?» деген қызығушылық бой көтерді.
Нұрсұлу Жамалбекқызымен танысудың сәті 2005 жылы түсті. Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті мен Қазақстан халқы ассамблеясының мемлекеттік тілге қатысты бірлесіп өткізген үлкен жиынында ілеспе аударма жасауға шақырылдым. Сөз кезегі тиіп, мінберге көтерілген филология ғылымдарының докторы Н.Ж.Шаймерденова баяндамасын 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын еске алудан бастады. 16 желтоқсан – оның туған күні екен. Нұрсұлу Жамалбекқызының: «Мәскеудің түрлі жоғары оқу орындарында оқып жүрген бір топ жерлес жастар менің туған күніме жиналғанбыз. Елден суыт хабар жеткенде үрпиісіп қалдық. Жасыратыны жоқ, ол кезде кейбіреуіміз ана тілімізді дұрыс білмейтін едік. Желтоқсан оқиғасы санамызға тиген қамшыдай әсер етті. Бұл күн содан бері – менің анамнан туған күнім ғана емес, тегімізді, тілімізді, мәдениетімізді тануға бет бұрғызған, азамат ретінде туған күнім» деген сөзін зал қошеметтеп қарсы алды.
Әлі есімде, сол жиынға қатысқан қазақтың көрнекті ақыны, ана тіліміз үшін шырқырап жүрген қайраткерлердің бірі Мұхтар Шахановқа сөз берілгенде ол кісі жеріне жеткізе сөйлеп, сөзінің соңына қарай әдетінше өлең оқи жөнелді. Ілеспе аударманың жазылмаған заңы сол
- шешеннің сөзі қалайда тыңдарманға аударылып жетуге тиіс. Мұхтар ағаға ілесе отырып, өлеңдерін жолма-жол аудара бастадым. Бұл жер- де маған Шаханов шығармашылығынан хабардар екендігім, әрі бұған дейін біраз ақындардың өлеңіне жолма-жол аударма жасағаным қатты көмектесті – залдың рухтанған көңіл-күйіне қарап, аударманы жақсы қабылдағандарын түсіндім.
Нұрсұлу Жамалбекқызы екеумізді осы аударма таныстырды. «Жай сөзді аударудың өзі оңай емес, өлеңді аударғаныңызға таң қалдым, – деді ол риясыз көңілмен сүйсіне сөйлеп, – сіздің өнеріңіз қазақ тілінің өрісін кеңейтетін керемет амал ғой! Сіз бұл саланы дамытып, ізбасарлар тәрбиелеуді ойлаған жоқсыз ба? Ілеспе аударма сапалы жасалса, қазақ тілінде сөйлеушілердің қатары көбейетінін түсінетін шығарсыз?».
Түсінгенде қандай! Бұл кезде бұқаралық ақпарат құралдарында ілеспе аударманың қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтудегі рөлі туралы, қазақ тілінің халықаралық аренаға шығуы үшін ілеспе ау-
дарманы қолдану жолдары туралы бірер мақалаларым жарияланған болатын. Бірақ ілеспе аударма біздің қоғам үшін аударманың бейта- ныс, мүлде жаңа түрі болғандықтан, оны түсініп, менің ұсыныстарымды қолдай қоятын ешкім табылмай, «жалғыздың үні шықпай» жүрген кез- де белгілі лингвист– ғалымның бұл сұрағынан мәселенің мәнін түсінетін пікірлес, тілектес бір адамға кездескенімді ұғып, іштей қуанып қалдым.
Келесі күні ол кісі телефон шалып: «Маған кешегі әңгімеміз ой салып, біраз анықтамалар жинастырдым. Ілеспе аударма – біздің ел түгіл кешегі кеңестік кеңістікте әлі аз зерттелген сала. Және оны зерттеу үшін адамның өзі іс жүзінде ілеспе аударма жасай білуі ке- рек. Сіздің жинақтаған тәжірибеңіз мол, енді осы мәселені теориялық тұрғыдан негіздеуді қолға алсаңыз қайтеді? Мен сізге көмектесейін» деген ұсыныс жасады. Үстірт қарағанда қарапайым ұсыныс болып көрінгенімен, оның мәніне үңілген жан бұдан Н.Шаймерденованың тың тақырыпты тани білетін нағыз ғалымдық интуициясын, әрі оның қазақ аударматану ғылымында бұрынырақ қолға алынып, басқа елдер- ден оза зерттелуін көздеген патриоттығын таныр еді.
Осы қасиетініңарқасындаболар, қазірдіңөзіндеоныңжетекшілігімен 20 кандидаттық, 2 докторлық диссертация қорғалған, тағы да төрт докторлық жұмыстың ғылыми консультанты болып табылады. Қашанғыдай қоғамдық жұмыстарға белсене қатынасып, Қазақстан көне дәуірді зерттеушілері қауымдастығының вице-президенті, халықаралық INTAS жобасының мүшесі, орыс тілінен республиканың жалпы білім беретін мектептеріне арналған оқу бағдарламаларын жа- сау жөніндегі шығармашылық топтың жетекшісі ретінде ұстаздық озық тәжірибесімен, ғылыми әлеуетімен тәуелсіз еліне қызмет етуде. Нұрсұлу Шаймерденованың осынша көп жұмысты қатар алып жүрген қажыр- қайратына, басына түскен ауыртпалықты көтере білген қайсарлығына, қандай құбылмалы жайларда адами бет-бейнесін, азаматтық ұстанымын жоғалтпайтын тұрақтылығына қарап, «сірә, тәуелсіздік күні туған жан осындай болуы керек шығар» деп ойлаймын.
2009 ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter