Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.06.2022
119
Мен құдайға дәнеме істей алмаймын...
Мен құдайға дәнеме істей алмаймын,
Майы бітіп, сөнетұғын шамдаймын.
Тасмаңдаймын пенделердің ішінде,
Туады екен әлі алдымда
Қандай күн?
Тұлпар міндім,
Тақымымда жоқ бүгін,
Аласарды,
Биік еді шоқтығым.
Қара қайғы басты еңсені қаптап кеп,
Көкіректі тұтап қалды,
Боп тығын.
Ал сұлуды, сүймедім деу –
Жалғандық,
Отқа түстік осы жолда
Алдандық.
Мен де кеттім біреулерге
Арман боп,
Біреу кетті,
Жүрегімді дал-дал ғып.
Маңдайымда бақыт, қайғы
Шылқыған,
Сор арқалап ілгеріге
Ұмтылам.
Қашамын деп арандадым,
Адамға,
Бейбаяндау бұл өмірдің бұлтынан.
Шарасызбын,
Құдай салды
Көнемін,
Жылауық боп шығатындай өлеңім.
Өлең сенің,
Өртенем деп отыңа,
Қабындаттым қасіреттің
Көлемін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter