Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  132


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Жанымнан шып-шып мұң шыққан...

Жанымнан шып-шып мұң шыққан,
Мұң менің білем, несібем.
Сезімім нәзік қылшықтан,
Пернемді бассаң шешілем.
Ағыл да тегіл төгілем,
Шақ тұрған көңіл шағынсын.
Сөйлесіп жүрем өлімен,
Тірілер мені нағылсын?
Қарлығаш болсам ақтамақ,
Кетер ем бір сәт қиянға.
Пенделер мені қақпалап,
Өлтірер ме екен ұямда?
Барар жер, басар тау қалмай,
Алжыған иттей шөмидім.
Басымнан бақыт ауғандай,
Көңілге көміп,
Көң үйдім.
Батады кесел жанға абат,
Көкесін көрдім езгінің.
Миымды біреу балғалап,
Кеудеме сұқты кездігін.
Жайымды менің сезді кім?
Азапты кештім сан қабат.
…Ез болып шыққан – өз мінім,
Құлдыққа салшы жалдап ап…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу