Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  104


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Біліп-білмей жасап жаттық сан қадам...

Біліп-білмей жасап жаттық сан қадам,
Қате болып шықты жолым таңдаған.
Санасында ояздығы білінер,
Тым ақжолтай жұрындарың – таң қалам.
Мінем бе екен мен қайтадан атқа аман?
Тұрған кезде қалың қорқау қаптаған.
Қашанғы бір у ішемін қылжаңдап,
Туады ма шалықтайтын шақ маған?
Қайта салам тосыннан кеп, қиғылық,
Қазып жатыр қорқауларым құйды, ұлып.
Айбалтамды шығарамын сақтаған,
Ат баурында қаларсыңдар ұйлығып.
Шыланады…
Тұяқ пенен шаша қан,
Ашынғаннан аянбаймын, бас алам.
Сазайыңды тартқызамын сан қабат,
Ісің үшін, иттігіңде жасаған.
Біліп-білмей бастық талай, сан қадам,
Қиялыма жас баладай алданам.
Тағы жолым дұрыс болмай шыға ма?
Өліп-талып, ұйқы көрмей таңдаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу