Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.06.2022
117
Дәрухана
Дәрухана.
Көңіл де салқындаған,
Жоқ жанымда достарым аңқылдаған.
Күннен-күнге меңдейді тәнімді дерт,
Денсаулықты таппайсың алтынға, Адам!
Ойға батып түн ұзақ, күңіренем,
Жылжып уақыт кеттің-ау шырыны ерен.
Қоңыр тірлік көзімнен бұл-бұл ұштың,
Маған тағдыр қарайды қырыменен.
Жатқаныма жиырма күн шырматылып,
Жүрегім де шаршады сырға тұнық.
Содан бері төрт адам мәйіт болды,
Сөйтіп өмір барасың ырғатылып.
Жанып жатыр бір алау өзегімде,
Жетелейді уайым – өзі өлімге.
Тәлей солай, шама жоқ бұлтаруға,
Мылтығыңды сұм ажал, кезедің бе?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter