Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.06.2022
154
Шынжыр қағып дізесін
Шынжыр қағып дізесін
Білектегі,
Жүре алмады,
Бишік те түк өтпеді.
Тірмізіктік – тектілік қара құлға,
Боқтық...
Бейнет
Көргені шыр еткелі.
Жанарында қасірет
Қамалаған,
Жиіркенішті бұл үшін
Заман, Адам.
Сүлейменге жіберді сәлемдеме,
Аманаттап көз жасын
Шағаладан.
Тауқыметті тағдырдан қыңбайды дым,
Бейіштікке балайды
Мұндай күнін.
Аукцион өзгертер қожайынын,
Ұйқыменен өлшейді құл – байлығын.
Санасына жат мүлде
Құн...
Жыр деген,
Қарсы алады
Іңірде тұнжыр келең.
Бала сүю жазбаған,
Жазатайым,
Туса ұрпағы туады –
Шынжырменен.
Салғанына құдайдың
Түсем,
Көніп,
Шығамын деп бұлқынып,
Күшенбелік.
Жиырма жылдай жастығым
Жарқыраған,
Бара жатыр құлдай боп,
Кісенделіп...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter