Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.06.2022
98
Алғидың ала шөлі...
Алғидың ала шөлі...
Айна тақыр,
Жанымды күйдіргенше,
Қайнат ақыр.
Көк мұнар көк жиекті көлкештейді,
Барсаң да құтылмассың
Қайда, пақыр...
Шаршысын түзеп тартты шыжыған күн,
Аңылжып тұрған сәтін бұзып алдым.
Шүйліккен шүйіп жүріп,
Түз қыраны,
Айтсаңшы,
Қайда екенін құжыраңның?
Сілтібас тырбық біткен
Қылтанақпын,
Білмейтін сырын мүлде бұ танаптың.
Жұлдызы быжынаған шілде түні,
Қойныңа ал,
Керегі жоқ бұлталақтың.
Ит жылғы өші бардай апшыған Күн,
Қақпайды көкжасықты топшыдан кім?
Жүгірген атанақтай заман мынау,
Ұл қалмас,
Қалады тек жақсыдан мұң.
Алғидың ала шөлі...
Айна тақыр,
Жанымды күйдіргенше, Қайнат ақыр...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter