Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.06.2022
157
Болашаққа көз тастадым...
Болашаққа көз тастадым,
Күн салып,
Өмір жарқын болармысың мұншалық?
Келеді екен қазағымның маңдайын,
Құдай көзі түзуленіп,
Нұр шалып.
Сәбилер жүр шапқыласып, шадыман,
Нан піседі бақытыңның табынан.
Ортасында Асан Қайғы
Асалы,
Қыз-жігіттер той-тойлауда
Салып ән.
Айдын көлге аққу ұшып, қонады,
Ырыздыққа Далам менің толады.
Айналсоқтап «былдырлаған»
Қарлығаш,
Қанатымен аяламақ болады.
Болашаққа тесілем де таң қалам,
Бақ болмайды әрбір баста жанбаған.
Әлем кетіп бара жатыр өзгеріп,
Құлагерді көзім шалды самғаған.
Бір ақбозды құрбан шалдым жылқыдан,
Осы арманға тез жетсем деп ұмтылам.
Құс жолындай буалдырлау...
Түбінде,
Бақ-дәулетке
Кенелермін шылқыған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter